Үй тапсырмасын AI-мен лезде жасаңыз әрі автоматты тексеріңіз
Мұғалімге арналған ақылды платформа: тапсырманы секундтарда генерациялаңыз, жүйе өзі тексеріп, толық анализ береді — тіпті оқушының қолжазбасын да таниды.
AI-генерация
Тақырып пен сыныпты жазыңыз — AI сұрақтарды, нұсқаларды және дұрыс жауаптарды секундтарда құрады.
Автоматты тексеру
Тест, ашық сұрақ, эссе — бәрі бірден бағаланады, оқушыға лезде фидбек беріледі.
Қолжазбаны тану
Оқушы қолмен жазғанын суретке түсіріп жүктейді — жүйе прописті танып, дұрыс бағалайды.
Терең аналитика
Әр оқушы, әр сұрақ, әр стандарт бойынша қателіктер анализі мен даму жоспары.
Әлемдік платформалардан несімен озық?
classwork.com, Plickers, ZipGrade, Wizer.me және Flippity-дің әрқайсысы бір істі жақсы атқарады. IbilimCW олардың бәрін бір жерге жинап, қолжазба мен қазақ мектебінің талабын қосады.
Кестені көлденең жылжытыңыз →
| IbilimCW | classwork.com | Plickers | ZipGrade | Wizer.me | Flippity | |
|---|---|---|---|---|---|---|
| AI тапсырма құрастырады | ||||||
| Ашық жауапты AI тексереді | ||||||
| Дәптердегі қолжазбаны таниды | ||||||
| Тірі сабақ: қағаз карта + телефон сканері | ||||||
| Қағаз жауап парағын телефонмен тексеру | ||||||
| PDF/суреттен интерактивті парақ | ||||||
| Сыныптық ойындар мен құралдар | ||||||
| Оқушы бойынша нәтиже мен аналитика | ||||||
| Толық қазақша интерфейс | ||||||
| КТЖ, ҚМЖ, Kundelik.kz |
Әрқайсысынан айырмашылығымыз
classwork.com
7 мүмкіндік артықСандық жұмыс парақтары мен формативті бағалау.
- Оқушы дәптерге жазғанын суретке түсіреді, AI қолжазбаны оқып бағалайды. Тек экрандағы жауаппен шектелмейміз.
- Қағазбен де жұмыс істейді: тірі сабақ карталары және басып шығарылатын жауап парақтары.
- Қазақ тілінде, КТЖ/ҚМЖ және Kundelik.kz-пен. АҚШ стандарттарына емес, біздің мектепке бейімделген.
Plickers
8 мүмкіндік артықҚағаз карталармен сабақтағы жылдам сауалнама.
- Сұрақ пен дистракторларды AI құрастырады. Plickers-те бәрін мұғалім өзі жазады.
- Сабақ біткенде ең қиын сұрақтар мен жауап бермегендер көрсетіледі, солардан келесі сабақтың ҚМЖ-сы бірден құрылады.
- Карта бір бөлігі ғана: үй жұмысы, жауап парағы, аналитика да сол бір платформада.
ZipGrade
8 мүмкіндік артықҚағаз тестті (бланкті) телефонмен тексеру.
- Тек бланк емес, ашық жауап пен қолжазбаны да тексереді.
- Бланктің 4 нұсқасы: жауаптардың реті ауысады, көршісінен көшіре алмайды, ал кілт біреу ғана.
- Бланк өзара бағалауға да жарайды: оқушылар бір-бірінің жұмысын критерий бойынша бағалайды, нәтиже тапсырмаға өзі түседі.
Wizer.me
9 мүмкіндік артықИнтерактивті сандық жұмыс парақтары.
- Парақты AI құрастырады, бос орындарды суреттен өзі табады. Wizer-де мазмұнды мұғалім өзі жасайды.
- Ашық жауапты AI тексереді. Wizer-де оны мұғалім қолмен тексереді.
- Оқушыға құрылғы міндетті емес: қағаз карта, жауап парағы, дәптер суреті.
Flippity
9 мүмкіндік артықGoogle Sheets үлгілерінен сыныптық ойындар.
- Кесте толтырмайсыз: ойын дайын тапсырмадан бір басумен құрылады.
- Тіркелгі мен сынып бар, сондықтан әр оқушының нәтижесі сақталады.
- Ойыннан бөлек: тексеру, бағалау, аналитика, КТЖ.
Бүгін бастаңыз — тегін
Мұғалім ретінде тіркеліп, алғашқы тапсырмаңызды 2 минутта жасаңыз.
Тегін бастау